7 мамыр – Отан қорғаушылар күні » «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 681-47-86
Есепші бөлімі:
+7(705) 681-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
мамыр
2025

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

ҚҰРМЕТТІ ЕЛІМІЗДІҢ ҚОРҒАНЫ-ЕР АЗАМАТТАР! 

Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. 

Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

Киелі өңіріміз талай батырлар Отаны болғаны баршаға аян.
Бүгінгі мерейлі мерекеде өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ер азаматтарға  алғысымды білдіремін.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.
Еліміздің айбынын асқақтатар ер- азаматтарымыз  аман болсын!

✍️ Ізгі тілекпен, 
Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы Әшімхан Тілеуханұлы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив