08
мамыр
2025
«ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ» АТТЫ КӨРМЕ
«ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ» АТТЫ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2025 жылғы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектепте ІІ ауысым мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңіске – 80 жыл" тақырыбында көрме өткізілді.
Көрмеге оқушылар белсене атсалысып, әр түрлі техникада орындалған туындыларын ұсынды. Оқушылар майдан көріністерін, бейбіт өмірдің қадірін, жауынгерлер ерлігін бейнелеп, түрлі түсті бояулар арқылы өздерінің Ұлы Жеңіске деген құрметін білдірді.
Көрменің мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай жас ұрпақты Отанын сүюге, елге, жерге деген сүйіспеншілікке баулу, соғыс жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен қайсарлығын үлгі ете отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, майдан мен тылда аянбай еңбек еткен батыр бабаларымыздың есімін ұлықтап, олардың өшпес ерлігін есте сақтау.
Шара барысында оқушыларға Жеңіс күні туралы тарихи мағлұматтар ұсынылды. Бұл көрме – ұрпақ жадында Ұлы Жеңістің маңызын жаңғыртып, бейбіт өмірдің құндылығын терең сезіндірудің жарқын үлгісі болды.
#Біртұтас_тәрбие
#Birtutas_tarbie
#Oqu_agartu_ministrligi