«БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» атты салтанатты іс-шара туралы » «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 681-47-86
Есепші бөлімі:
+7(705) 681-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» атты салтанатты іс-шара туралы
23
мамыр
2025

«БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» атты салтанатты іс-шара туралы

«БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» 
            атты салтанатты іс-шара өтті

         Түркістан облысы, Арыс қаласының  Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты 23.05.2025 жылы  барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау соғылды. Осы орайда «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде" «Білімім-Отаныма!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  

       Салтанатты жиынға  Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділбеков Әлмахан Нұрмаханұлы, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Молдашева Гаухар Елтайқызы, ата-аналар комитетінің төрағасы Сакен Бапаев, «Әжелер алқасының» төрайымы Мария Абуова және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.  

        Мерекелік шарада мектеп директоры   үлкен өмірге жолдама алып отырған бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар мен білім алушыларға Арыс қаласы әкімінің «Алғыс хатын» және облыстық олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен ұстаздарға  алғыс хат табыс етті.
Шара барысында Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділбеков Әлмахан Нұрмаханұлы және Арыс қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Молдашева Гаухар Елтайқызы оқушылар мен ұстаздарға деген өзінің мерекелік лебізін білдіріп, оқу жылдарында өздерінің еңбектерімен нәтижелі жұмыс жасап отырған  ұстаздарға «Алғыс хаттар» табыс етті.
        Әрі қарай  бітіруші түлектер «Ұстазым» әнін орындап, аталған шараға мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.
#Біртұтас_тәрбие
#Birtutas_tarbie
 #Oqu_agartu_ministrligi
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив