11
наурыз
2025
8 Наурыз!
#ҚҰТТЫҚТАУ🌹
АРДАҚТЫ АНАЛАР, ҚЫМБАТТЫ
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!
Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің аттарыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.
Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Ізгі ниетпен:
Мектеп директоры
Асқарова Мейіркүл Отарбекқызы
https://www.facebook.com/share/p/18UeTuHscf/