17
ақпан
2025
Кітапханаға кітап сыйла
Түркістан облысы, "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп кітапханашылары Г.Шукурбекова мен Г.Исаеваның ұйымдастыруымен "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: Мектеп кітапхана қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында өткен іс-шараға мектебіздің ұстаз ардагері Арыс қаласының құрметті азаматы Г. Есілбекова, ардагер ұстазымыз М. Әбуова, Отбасы хрестоматия баспаханасы өкілдері С. Дүкенбай, С. Қуандық, А. Зұлпыхарова жәнеде мектебіздің ұстаздары, мектеп парламенті жаңа кітаптарын сыйға тартты. "Отбасы хрестоматиясы" баспаханасы өкілдері өздері әкелген "Қаныш ғылыми майдан"," Қуыс кеуде", Жас Қаныш тб... кітаптарына шолу жасап, оқушылармен кездесіп, сұхбат жүргізді.
https://www.facebook.com/share/r/1B4mqRtsq9/
https://www.facebook.com/share/r/1B4mqRtsq9/