04
маусым
2025
«Аяла» жазғы сауықтыру лагері
Түркістан облысы, "Арыс қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 04.06.2025 жылы Рәміздер күніне орай «Аяла» жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиешілердің ұйымдастырумен «Рәміздер біздің мақтанышымыз» тақырыбында топтық сайыс өтті.Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балалардың рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой - өрісін дамыту. Іс-шара барысында оқушылар өте жоғары белсенділік танытты. Балалар сайыста бәсекелестік танытқанымен өмірде дос болу керек екенін түсінді.Соңында әлеуметтік педагог Эргешова Гүлбану сөз алып оқушыларды мақтап, мадақтап алған әсерімен бөлісіп алғысын білдірді.