МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ҰБТ-ДА ҮЗДІК НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ » «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқарамасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 681-47-86
Есепші бөлімі:
+7(705) 681-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ҰБТ-ДА ҮЗДІК НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
01
сәуір
2025

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ҰБТ-ДА ҮЗДІК НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

МЕКТЕБІМІЗДІҢ  ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ҰБТ-ДА ҮЗДІК НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ


Арыс қаласының дарынды жастары білім биігін бағындыруда. Солардың бірі –  11 «Ә» сынып оқушысы, «Үздік аттестат» үміткері Ағабек Арман Бауыржанұлы. Ол 2024 жылдың наурыз айында өткен ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 140 мүмкіндіктің 139-ын жинап, жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл жетістік – үздіксіз еңбектің, терең білімнің және жүйелі дайындықтың нәтижесі. Арманның көрсеткен нәтижелері:

🔹 Қазақстан тарихы – 20/20
🔹 Оқу сауаттылығы – 10/10
🔹 Математикалық сауаттылық – 20/20
🔹 Математика (бейіндік пән) – 49/50
🔹 Информатика (бейіндік пән) – 50/50

Жас талапкердің осындай жоғары балл жинауы – оның білімге деген құштарлығының, ұстаздарының сапалы дайындығының және ата-анасының қолдауының айқын дәлелі. Алдағы мамыр-маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-да да ол жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, мемлекеттік грант иегері атанады деген сенім зор.

Арман болашақта ақпараттық технологиялар саласының үздік маманы болуды мақсат етіп отыр. Арыс қаласының білімді жастары ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, туған жерінің өркендеуіне өз үлестерін қосатыны сөзсіз.

Жас түлекке сәттілік тілейміз!

Мектеп ұжымы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив